Өмірді өзгертетін бастамалар: Түркістан мен Қарағандыда шағын гранттар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жарияланған күні: 13.09.2024


Түркістан және Қарағанды қалаларында «Қазақстанда мүгедек адамдарды азаматтық қоғам күштерімен әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асыру» жобасы шеңберінде шағын гранттар байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Енді жеңімпаздар өз бастамаларын жүзеге асырып, мүгедектігі бар адамдарға көмектесе алады.

Бұл маңызды жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Бірыңғай грант операторының қолдауымен іске асырылуда және Қазақстандағы азаматтық қоғам үшін жаңа перспективалар ашады.