Облыстың ауылдық үкіметтік емес ұйымдарын қолдауға бағытталған жобаны іске асыру (Өтінімдерді қабылдау 13 тамызға дейін жалғасады).

Достар!
«Облыстың ауылдық үкіметтік емес ұйымдарын қолдауға бағытталған жобаны іске асыру» гранттық жобасы шеңберінде «Грин» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ шағын гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурс аясында жеңімпаздар сомасы 500 000 теңгені құрайтын 10 шағын грантқа ие болады.
Конкурстың мақсаты: ауылдық жерлерде қоғамның немесе жекелеген әлеуметтік топтардың әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге ықпал ету; мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды және жергілікті қоғамдастықта өзін-өзі реттеуді дамыту.
Өтінімдерді қабылдау 13 тамызға дейін жалғасады.
Конкурс туралы толық ақпаратты «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ-ның @grinkost инстраграм парақшасында табуға болады.
Кеңес алуға арналған байланыс нөмірлері: 87023009020, 87073415909, 87471324249, 87054521649, 54-14-69.
Жоба Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.