Нұр-Сұлтан қаласында “Kieli tabigat” жобасы аясында “Таза көлдер, өзендер мен бұлақтар” акциясы өтеді

Жарияланған күні: 14.05.2021


Ертең, 15 мамыр, сағат 11: 00-де Нұр-Сұлтан қаласында “Kieli tabigat” жобасы аясында “Таза көлдер, өзендер мен бұлақтар” акциясы өтеді.
Өткізу орны: “Зеленый Квартал” ТК ауданы, Кіші Талдыкөл көлі.
Іс-шараға “Жас Ұлан “Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” Республикалық штабының еріктілері, сондай-ақ елордамыздың жанашыр тұрғындары қатысады.
Экологиялық акцияның мақсаты – көл жағасын тазарту, экологиялық сауат және жастар арасында экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыру.
Сулы-батпақты Талдыкөл аумағында құстардың 65 түрі ұя салады, олардың 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жағалау мен көлдің ластануының кері салдарын болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын Акцияның міндеті – көлдің экожүйесін сақтау және қорғау.
Іс-шараны ұйымдастырушы – “Жас Ұлан “Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” РҚБ.
“Kieli tabigat” жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ұйымдастырушылармен байланыс: Ақнұр Тұрдалиева – 8 702 247 34 98.