Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік емес гранттар беру конкурсын жариялады

АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АРАСЫНДА

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ГРАНТ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1.Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

 

2.Конкурс туралы

 Оператор «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту Қоры» ЖҚ қолдауымен (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) жыл сайынғы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы шеңберінде өткізілетін шағын гранттар жобасын іске асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік емес грант беру үшін конкурс жариялайды.[1]

Мемлекеттік емес гранттың мақсаты30 шағын грант жобасын іске асыру арқылы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерге Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарында оқушылардың жан-жақты дамуы мен жаһандық азаматтықты дамытуға жағдай жасау бойынша көмек көрсету және қолдау көрсету. Осылайша, ұсынылған барлық жобалар Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарында жағдай жасауға бағытталатын 1 миллион теңге шегіндегі шағын грант тұжырымдамасын қамтуы тиіс.

Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі уақытша тоқтатылған ҮЕҰ-ны қоспағанда, осы хабарландыруда көрсетілген талаптарға сәйкес грант беруге өтінім берген, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар ҮЕҰ қатыса алады.

 

Анықтама үшін: «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын Қор шығармашыл жұмыс істейтін, оқушыларды оқытудағы әрекеттік тәсіл идеяларын практикада іске асыратын талантты педагогтарды анықтау мақсатында; мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру үшін коммуникациялық платформа құру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу; педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру; оқытушылық қызметті жүзеге асыруға лайықты үміткерлерді шабыттандыру мақсатында өткізеді. Сыйлыққа ерікті негізде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар және келесі 5 жыл педагогикалық қызметте қалуды жоспарлайтын бастауыш және орта білім беру мұғалімдері (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) қатысады. Сыйлық мемлекеттік және жекеменшік кез келген мектептің мұғалімдері үшін ашық. Сыйлық қорытындысы бойынша 10 үздік финалист және олардың арасынан бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздың ақшалай жүлдесі 10 000 АҚШ долларын құрайды. Үздік 10 финалисттің сауалнамалары «әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне өтеді, онда жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрайды.

 

Мемлекеттік емес грант беру үшін конкурс келесі тақырып бойынша жарияланады:

 

Тақырыбы Мақсаты Міндеті

(негізгі бағыттары)

Іске асыру мерзімі Қамтитын аумағы Бөлінген қаражат көлемі
(мың теңге)
Іске асырудан күтетін нәтиже
1. National Teacher Prize Kazakhstan –  «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру шеңберіндегі «Barine Bilim» шағын гранттар жобасы Шағын гранттар жобасын іске асыру арқылы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерге Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарында оқушылардың жан-жақты дамуы жмен жаһандық азаматтықты дамытуға жағдай жасау бойынша көмек көрсету және қолдау көрсету 1. Конкурстық комиссияны тарта отырып, 2021 жылғы «Қазақстан мұғалімі» сыйлығының 30 үміткерін іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

2. Шамамен 10 адамнан тұратын конкурстық комиссия құру.  Тапсырыс берушіменжасалған келісім бойынша оның құрамына мүдделі тараптардың өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері кіреді;

3. 2021 жылғы «Қазақстан мұғалімі» сыйлығының іріктелген 30 өтініш берушіні жеткіліксіз қаржыландырылған шалғайдағы және ауылдық жерлердегі 30 жалпы білім беретін оқу орнының мәдениеті мен білім беру процесін жақсарту үшін 1 млн.теңге көлемінде шағын гранттармен қамтамасыз ету.

2021

жылдың

қыркүйек-желтоқсаны

 

14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары 36 000 1. Жеткіліксіз қаржыландырылған шалғайдағы және ауылдық жерлердегі 30 жалпы білім беретін оқу орынында 1 млн. теңгелік 30 шағын гранттарды іске асыру.

2. Жеткіліксіз қаржыландырылған шалғайдағы және ауылдық жерлердегі 30 жалпы білім беретін оқу орынында мәдениет пен білім беру процесін жақсарту.

3. Педагогикалық бастамаларды қолдау және көтермелеу идеяларын ілгерілету

Итого 36 000  

 

Оператор мынадай жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) Өтінім осы хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;

2) Заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса.

 

Мынадай негіздердің бірі болған жағдайда конкурс грант тақырыбы бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа грант тақырыбы бойынша қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) өтінімдердің ешқайсысы гранттың тақырыбы бойынша жіберілмеген;

3) сараптамалық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде-бірі ең жоғары қорытынды балл санының 50 (елу) пайызынан астамын жинамаса.

3.Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты. Өтінімдер жолданатын пошта мен электрондық мекенжайлар

Өтінімдерді қағаз немесе электронды нұсқада Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр д-лы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат мекенжайы бойынша және grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу керек.

Өтінімдер пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізілген кезде құжаттар тігіледі және өтініш берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының мөрімен (бар болса) және қолымен бекітіледі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2021 ЖЫЛҒЫ «25» ТАМЫЗДАН БАСТАП «3» ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:00-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

 

Оператор өтінімдерді қабылдатын уақыт: дүйсенбі-жұма аралығында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

  1. Үміткер конкурсқа қатысу үшін өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
  • өтінім қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол тігілген және мөрмен және бірінші басшының қолымен бекітілген болуы тиіс Сондай-ақ, міндетті түрде grants@cisc.kz электрондық поштасына электронды нұсқасы жолдануы қажет. Таңдалған грант тақырыбы, өтінім берушінің атауы мен байланыстары көрсетілген мұрағатталған WinRar, WinZip PDF және MS Word файлында берілуі керек;
  • Пошта байланысымен немесе әдейі, grants@cisc.kz электронды поштасына өтініштің міндетті қайталама көшірмесімен PDF және MS Word форматында мұрағатталған WinRar, WinZip файлында, грант тақырыбы, өтініш берушінің аты мен байланысы көрсетіліп, электронды түрде;
  • Электронды форматта міндетті қайталама көшірмесімен PDF және MS Word форматында мұрағатталған WinRar, WinZip файлында, грант тақырыбы, өтініш берушінің аты мен байланысы көрсетіліп, grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады.

5.Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш берушінің осы хабарландырумен бірге берілетін 1-қосымша бойынша толтырылған анкетасы;

2) осы хабарландырумен бірге берілетін 2-қосымшаға жазған өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

3) осы хабарландырумен бірге берілетін 3-қосымшада ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

4) осы хабарландырудың 4-қосымшасына сәйкес грантты іске асыруға арналған болжамды шығыстардың сомаларын, әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын көрсету. Бұл ретте, мемлекеттік емес грант материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көздемейді.

5) құрылтай құжаттарының көшірмелері (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, оған барлық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешіміне атқарушы органының басшысы қол қоймаған өтінімге жағдайда өтініш берушінің сенімхаты);

Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бір ҮЕҰ-дан бірден (1) артық өтінім беруге болмайды.

Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні осы хабарландырумен айқындалғанын ескеру қажет.

6.Қосымша ақпарат пен кеңестер

Оператор қызметкерлері өтінімдерді қабылдауға берілген мерзім бойында  кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін оператордың мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне 8 7172 72 96 49 телефоны бойынша хабарласу керек.