Мүгедектігі бар түркістандықтар құмыра жасау және гүл өсіру дағдыларын меңгереді

Жарияланған күні: 02.06.2023


Құмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы және Түркістан қаласының мүгедектігі бар тұрғындары үшін өткізіледі деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.


«Қорған-М» қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Түркістан облысында инклюзивті қоғамды дамытуға және мүгедектігі бар адамдардың тұрақты интеграциясына жәрдемдесуге бағытталған жобаны іске асыруды жалғастыруда.
Жоба аясында қоғам белсенділері психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді, кәсіптік оқыту жүргізіп, азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Осылайша, жоба аясында 20 бенефициарға арналған қыштан құмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.


«Оқыту «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының базасында офлайн форматта жүргізіледі. Тренерлер бенефициарларға оқу аяқталғаннан кейін де қолдау көрсететін болады. Шеберлік сағаттары аясында 20-дан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз.
Біз бенефициарларға жұмыс орнын таңдау кезінде де, жұмыс ұжымына қосылу кезінде де, сондай-ақ жұмысқа орналасқаннан кейінгі бірінші кезеңде қолдау көрсетуді басты назарға аламыз. Осылайша, біз мақсатты аудиториямызды барынша тиімді әлеуметтендіре аламыз», – дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.
Еске салайық, әлеуметтік жоба осы жылдың қыркүйегінде аяқталады.