Жарияланған күні: 30.09.2022
Мүгедектігі бар азаматтар «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық – кеңес беру қызметі» республикалық жобасы аясында кәсіптік оқытудан өтіп, сұранысқа ие мамандықтарды игеріп жатыр, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға әлеуметтендіру шараларынан ақпараттандырылуын арттыруға, оларды қазіргі өмірге бейімдеуге және қоғамға интеграциялауға қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру жалғасуда.
Жоба аясында ұйымдастырылған онлайн және оффлайн форматтағы оқыту курстарда Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
«Мүгедектігі бар адамды әлеуметтендірудің ең маңызды факторлардың бірі – жұмыспен қамту. Сол себепті біздің курстардың пайдасы мен маңызы зор. Оқыту мүмкіндігі шектеулі жандарға өзі-өзін бағалауға өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі», – дейді «Жеңіс» ҚБ басшысы Айгүл Хасанғалиева.
Жоба жетекшісінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында «Бухгкаалтерлік есеп», «СММ» және «Графикалық дизайн» мамандықтары сұранысқа ие. Сондай-ақ, жоба аясында «Тігінші», «Аспаз», «Дәнекерлеуші», Жиһаз жинаушы» мамандықтары бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.
Барлығы жоба аясында мүмкіндігі шектеулі 115 қазақстандық оқытудан өтті.
«Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақпараттық-кеңес беру қызметі» жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жеңіс» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.