“Мир “Өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ жанында тегін медиативтік көмек кабинеті жұмыс істейді

Жарияланған күні: 22.06.2021


Құрметті достар!
“Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану” жобасын іске асыру шеңберінде “Мир “Өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ жанында тегін медиативтік көмек кабинеті жұмыс істейді.
Бұдан басқа, Қазақстан өңірлерінде білікті, тегін медиативтік көмек көрсететін, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына және өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға медиация орталықтары қызмет көрсетеді.
Медиация келесі салаларда қолданылады:
– онша ауыр емес және ауырлығы орташа істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар;
– жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар.
“Мир” өңіраралық Медиация орталығы ” ЖМ барлық сұрақтар бойынша +7 (777)209-08-01 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.
“Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану” жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.