Талаптар:
- Жоғары білім (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, гуманитарлық, жобаларды басқару, техникалық);
- Жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
- Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруі;
- Толық жұмысбастылық.
Міндеттер:
- Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін байқау өткізуге арналған әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу;
- ҮЕҰ үшін гранттар беру байқауын ұйымдастыру;
- Құжаттардың толықтығын тексеру, гранттардың бекітілген басым бағыттар тізіміне және гранттарды қалыптастыру, беру, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкестігін қарау;
- ҮЕҰ-ға жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберу;
- Гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік және басқа да қолдау көрсету (жобаларды басқару департаменті құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша);
- ҮЕҰ тарапынан гранттарға қатысу үшін ұсынылған өтінімдерді қарау (өтінімді толтыру және қалыптастыру, өтінімнің ұсынылатын грантқа сәйкестігі, тіркелген құжаттардың толықтығы);
- ҮЕҰ-мен гранттық келісімшарт жасасу барысында әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасын (күнтізбелік жоспар) тексеру және қабылдау;
- Келісімшарт жасасу үшін өтініш берушілерден құжаттарды сұрату;
- Грант беру туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) Қоғамның мүдделі қызметкерлерімен келісу;
- Келісімге барлық тараптардың қол қоюын қамтамасыз ету;
- Келісім шарттарына өзгерістер енгізуді қосымша келісім арқылы жүзеге асыру;
- Грант қаражатын Келісім шарттарына сәйкес уақытылы аударуды ұйымдастыру;
- Гранттарды іске асырудың бағдарламалық бөлігіне мониторинг жүргізу (мақсаттарға жету, күтілетін нәтижелер, сапалық және сандық көрсеткіштер, іс-шараларды уақытылы орындау және т.б.), грант алушылардың бағдарламалық есептерін тексеру және қабылдау арқылы, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жүргізу;
- Гранттарды іске асыру барысында әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасына (күнтізбелік жоспар) түзетулер енгізу;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар шеңберінде грант алушылармен жұмыс жүргізу, оның ішінде Қоғам мен грант алушы арасында жасалған шарттар аясында келісімдік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Гранттарды іске асыру туралы ақпарат пен материалдарды дайындау (Коммуникация және ынтымақтастық департаменті үшін қажетті есептер, жылдық есеп, басқа да мүдделі тараптарға және ақпараттық жариялауға арналған материалдар);
- ҮЕҰ секторы бойынша өзара әрекеттестіктің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
- Бюджеттен тыс қаражат тарту аясында тұжырымдамалар, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарларын, арнайы жобаларды әзірлеуге қатысу;
- Гранттарды іске асыру бойынша есептерді, жазбаларды және баяндамаларды дайындау;
- Жобаны іске асыру нәтижесінде алынған сандық-сапалық әсерді тексеру және растау;
- Қоғамның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау;
- Гранттар бойынша аралық және қорытынды есептерді келісу;
- Жобаларды іске асыру;
- Егжей-тегжейлі жоспарды түзету және өзгерістерді келісе отырып қамтамасыз ету;
- Іске асырылып жатқан жобалар бойынша ақпараттық анықтамалар дайындау;
- Жобаларды іске асыру мәртебелері бойынша ақпарат дайындау;
- Грантты басқару тиімділігінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу процесін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Іске асырылып жатқан жобалар, олардың бюджеттері және тиімділік нәтижелері туралы жиынтық кесте жасау;
- Гранттық жобаларды іске асыру жоспары мен барысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Жобалар бойынша досье қалыптастыру;
- Жобаларды басқару департаментінің қызметі аясында іс-шараларды жоспарлау, дайындау және хаттамалық қамтамасыз ету;
- Грант алушылардан, жеке және заңды тұлғалардан, бақылаушы органдардан келіп түсетін сұрауларға заңнама және ішкі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес уақтылы жауап беру;
- Құжаттардың және өзі қалыптастырған досьенің сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес оларды архивке сақтау/өткізуді ұйымдастыру;
- Сандық және сапалық көрсеткіштерді, ішкі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу;
- Үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау аясында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
- Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдармен, грант алушылармен кездесулер мен келіссөздерге қатысу.