Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қоғамдық мониторингке қалай қатысуға болады?

Жарияланған күні: 21.04.2023


«ҚР Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» тегін онлайн-курсына тіркелу басталды.
Курс SICA USAID бағдарламасы шеңберінде Еуразия қоры өкілдігінің қолдауымен өткізіледі.

Ұйымдастырушы: «Туған жер» қоғамдық бірлестігі, ҚР Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша қоғамдастықтың тең құрылтайшысы – «KUN JARYGY» коалициясы.

Өтетін күндері: 2023 жылғы 11, 12, 15 мамыр.

Курстың сипаттамасы:
Курс теориялық модульден және case-study форматындағы оқытудан тұрады.
Оқытуды қоғамдық мониторинг саласында жұмыс істейтін және ҚР Мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қорғау саласында тәжірибесі бар жетекші сарапшылар жүргізбек.

Курс:
-ҚР Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша біліктілікті арттыруға;
– Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу дағдыларын алуға;
– Мемлекеттік сатып алуды талдаудың заманауи құралдарымен танысуға;
– Мемлекеттік сатып алу саласындағы сараптамалық қоғамдастықпен, мамандармен қарым-қатынас орнатуға;
– ҚР Мемлекеттік сатып алу мониторингі жөніндегі қоғамдастықтың жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.

Оқытудан ҮЕҰ, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық белсенділер, журналистер, заңгерлер және ҚР мемлекеттік сатып алу жүйесін ашықтық, тиімділік және әділдік жағына қарай реформалауға мүдделі академиялық қоғам өкілдері (оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, студенттер) өтеді.

Курс туралы толық ақпаратты мына телефон нөмірі бойынша білуге болады: +7 707 847 3880.