Жарияланған күні: 01.11.2024
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттарға өтінімдерді бағалау үшін сарапшылар реестрін қалыптастыру жалғастыруда. Кандидаттар жеке және заңды тұлға ретінде,сонымен қатар өз бетінше ұсына алады.
Өтінім қабылдау 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
Эксперт ретінде реестрге кіру үшін төмендегі талаптарға сай болу керек:
1. Бір немесе бірнеше салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және әлеуметтік жобаларда немесе конкурс комиссияларында 2 жыл қатысу.
2. Мемлекеттік гранттар саласындағы кәсіби білім.
Өтінім беру үшін expert@cisc.kz электронды поштасына ресми хат жіберу қажет, хатпен бірге келесі құжаттарды тіркеу керек:
1. Кандидат туралы мәлімет.
2. Тәжірибені көрсететін резюме.
3. Ұсыныс хаттар, дипломдар және сертификаттар (бар болса).
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
5. Комиссияда қатысуға және жеке мәліметтерді өңдеуге келісім хаты.
6. Оператордың сайтында «Әлеуметтік жобаларды сараптау» курсын өткендігі туралы сертификат.
Толық ақпарат алу үшін 8 (7172) 79-08-72 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Сіздердің қатысуларыңызды күтеміз!