Мектеп оқушыларының республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 7 күн қалды

Жарияланған күні: 10.05.2024


1 мамыр күні экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсетуге арналған мектеп оқушыларының республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған болатын.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, оның ішінде ауылдық және шалғай жерлерден 8, 9 және 10 сынып оқушылары қатыса алады. Белсенді, креативті және экологиялық мәселелерге барынша қызығушылық танытқан жасөспірімдер 6 санат бойынша бақ сынайды:

Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);

Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);

Qara – видеомейкинг (фильмдер, роликтер);

Sezin – арт перфоманс (театр, көше перфоманстары, флешмобтар);

Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер);

Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (тоқыма, керамика бұйымдары).

Үздік жұмыстар 2024 жылғы 1 және 2 маусымда Астанада өтетін «Aiala» арт-экофестиваліне қойылады.

Өтінімдерді қабылдау 17 мамырға дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінімді http://aiala-fest.kz сайты арқылы жібере аласыз.