“Medsupportkz” ҚҚ-мен бірге коронавирустың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жүргізетін боламыз

Жарияланған күні: 01.07.2021


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы Лима Диас “Medsupportkz” ҚҚ басшысы Ботагөз Қаукеновамен және “Medsupportkz” ҚҚ-ның негізін қалаушы, әрі заңгері Ақмарал Тұрсыновамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы және қоғамдық қордың басқа үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік байланыстары бойынша орталық пен қоғамдық қордың өзара жұмысын үйлестіру жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, АБҚО-ның денсаулық сақтау саласындағы гранттық жобаларын іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен жұмысы талқыланды.
Сонымен қатыр, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тәжірибесін пайдалана отырып, тараптар коронавирустық инфекцияның алдын алу және жаппай вакцина салдыру арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болды.
Сондай-ақ, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы “Medsupportkz” ҚҚ тақырыптық бейнероликтерді түсіру және денсаулық сақтау тақырыбында тікелей эфирлер өткізу үшін лекторийді пайдалануды ұсынды.