Жарияланған күні: 01.11.2024
23 қазан күні Астанада қайырымдылыққа арналған ауқымды форум өтті. Жылдың қорытындылары шығарылып, үздік қайырымдылық жасаушылар марапатталды, сондай-ақ бұл маңызды бағыттың дамуы туралы пікір алмасылды.
Биылғы жылы қайырымдылық саласындағы құрметті атаққа 148 өтінім берілді. Олардың арасында:
– қайырымдылық ұйымдарынан 27 өтінім;
– меценаттардан 27 өтінім;
– жеке қайырымдылық жасаушылардан 58 өтінім;
– еріктілерден 36 өтінім.
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ 31 қайырымдылық жасаушыға табысталды. Марапатталғандар арасында:
Сагынбек Шункеев — «Халық» қайырымдылық қорының директоры, Алматы қаласы;
Болат Карабаев — «Мирас» шаруа қожалығының басшысы, Қостанай облысы;
Меруерт Омарова — «Ханкелді & К» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы;
Алибек Токбаев — «Сары-Оба Астык» ЖШС директоры, Ақмола облысы;
Марал Есекешова — С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кафедра меңгерушісі, Астана қаласы;
Алия Аубакирова — «Наурызбай-К» ЖШС директоры, Жамбыл облысы;
Нурлыбек Адеков — «Ай-ди строй» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы;
Максут Карымсаков — «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының жетекшісі, Қызылорда облысы;
Андрей Короблев — «Былина» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Атырау облысы;
Гүлнәз Зейнелқабденқызы — «Ерназ-Камкор» қоғамдық қорының жетекшісі, Алматы облысы;
Маржан Абдешова — жеке кәсіпкер, Маңғыстау облысы;
Толкын Балкибаева — «Дара жүрек» қоғамдық қорының төрайымы, Ұлытау облысы;
Айдос Бахтубаев — «VK development group» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;
Касым Галим — жеке кәсіпкер, Ақтөбе облысы;
Евгений Хисметов — «Арыстан» қайырымдылық қорының директоры, Қарағанды облысы;
Тынышдык Кочербаев — «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі, Маңғыстау облысы және тағы басқалары.
Форум жарқын оқиғаға айналып, қазақстандықтардың қоғам мәселелеріне бейжай қарамайтынын және бір-біріне көмектесуге дайын екенін көрсетті.