«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ ҚАЙТАЛАП КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге қайталап Конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша қайталап жарияланады:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі | Грант түрі | Нысаналы индикатор | |
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы | |||||||
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру – | Уәкілетті органдардың статистикалық деректеріне сәйкес Маңғыстау облысында 14 пен 35 жас аралағында 4 711 мүмкіндігі шектеулі жас бар. Аймақта мүгедектігі бар жастарды кәсіпке бейімдеу арқылы қоғамға әлеуметтендіру мәселесі өте өзекті. Аталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қарастыру арқылы олардың әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жастарды қолдау жұмысының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы – олардың толық әлеуетін пайдалануға кедергі келтіретін және білім беру, дене шынықтыру, жұмыспен қамту және т.б. қоғамның әртүрлі аспектілеріне қатысу сияқты салалардағы теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергі болып отыр. Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған оқыту шараларын ұйымдастыру, оларға психологиялық және менторлық қолдау көрсету, оларды қоғамдық жұмыстарға тартуды жүйелі әрі кешенді ұйымдастыруымыз қажет. |
11 069 148 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы кемінде 150 аталмыш топтағы жасты әлеуметтендіру
Күтілетін нәтиже: 1) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар кемінде 150 жасқа кемінде 5 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру; 2) Аймақтағы мүгедектігі бар жастар мен жасөспірімдерге арналған консультативтік кеңсенің жұмысын ұйымдастыру; 3) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған кемінде 3 шеберлік сағат ұйымдастыру және әлеуметтік көрме ұйымдастыру; 4) Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар жастарды кәсіп ашуға ынталандыру мақсатында соммасы 200 000 теңгені құрайтын 10 шағын грант үлестіру және іске асуына мониторинг жасау |
|
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «10» СӘУІР МЕН «30» СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;
3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) ump-mangistau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басқармасы басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «14» ақпандағы № 02-03/6 нқ бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/documents/details/607573?lang=kk
Құжаттар: