Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
2024 жылғы 15 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 22 ҮЕҰ-дан 34 өтінім түсті, оның 28-і мемлекеттік тілде және 6-ы орыс тілінде.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 6 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі |
2 | Мұнайлы және Түпқараған ауданы жастарын әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі | |
3 | Маңғыстау және Бейнеу ауданы жастарын әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі | |
4 | Аймақтың өндірістік мекемелеріндегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Риза-ана» қоғамдық қоры | |
5 | Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдау | қысқа мерзімді | «Алаш арманы» қоғамдық қоры | |
6 | Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту | қысқа мерзімді | «Mangistau Global» қоғамдық қоры | |
7 | «Рухтан» қоғамдық қоры | |||
8 | Жас көшбасшыларға арналған шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі | |
9 | «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі | |||
10 | «Венгрия университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі | |||
11 | Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | JasART жеке меншік мекемесі | |
12 | Жастарға арналған медиаөнімдерді дайындау | қысқа мерзімді | «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры | |
13 | Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту | қысқа мерзімді | «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі | |
14 | «KINERGY» қоғамдық қоры | |||
15 | Аймақ жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру | қысқа мерзімді | «Риза-ана» қоғамдық қоры | |
16 | JasART жеке меншік мекемесі | |||
17 | «Алаш арманы» қоғамдық қоры | |||
18 | Жастар арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу | қысқа мерзімді | «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры | |
19 | Жастар арасындағы әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры | |
20 | Маңғыстау облысының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры | |
21 | Маңғыстау облысындағы шығармашыл жастарды қолдау | қысқа мерзімді | «AktownX» қоғамдық қоры | |
22 | Жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру | қысқа мерзімді | «Talent Network Club» қоғамдық бірлестігі | |
23 | «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры | |||
24 | Аймақ жастарының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру | қысқа мерзімді | «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі | |
25 | «Алаш арманы» қоғамдық қоры | |||
26 | «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры | |||
27 | Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау | Аймақтағы волонтерлік бастамаларға қолдау көрсету | қысқа мерзімді | «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі |
28 | «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі | |||
29 | Маңғыстау облысының волонтерлік Фронт-офисінің жұмысын ұйымдастыру | қысқа мерзімді | «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы | Бас тарту себептері |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Рухтан» қоғамдық қоры | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді |
2 | қысқа мерзімді | «Бейнеу Жарқын Болашақ» қоғамдық қоры | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | ||
3 | Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіру | қысқа мерзімді | «Атамекен»PRO үкіметтік емес қоғамдық қоры | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |
4 | Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту | қысқа мерзімді | «Ұлттық пікірсайыс Федерациясы» қоғамдық бірлестігі | Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді | |
5 | Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдау | қысқа мерзімді | «Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігі | Отсутствие в Базе данных неправительственных организации |
3) «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласының «Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру» бағыты бойынша өтінімдердің болмауы себебінен конкурс өтпеді деп танылды.