Жарияланған күні: 14.02.2024
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен мемлекеттік гранттарға ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.
Конкурс шарттарына сәйкес, ҮЕҰ жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, сондай-ақ волонтерлік бастамаларды дамыту мен қолдау тақырыптары бойынша әлеуметтік жобаларды ұсына алады. Маңғыстау облысының жастарын әлеуметтендіру, өңірдің жас өнертапқыштары мен ғалымдарын қолдау, жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру, жас көшбасшылардың шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру сияқты барлығы 20 басым бағыт ұсынылып отыр.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілі 20 қысқа мерзімді грантқа өтінім бере алады.
Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 15 ақпан мен 6 наурыз аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.
Конкурстық өтінімдер электрондық пошта арқылы ump-mangistau@cisc.kz, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.
* Құрметті ҮЕҰ өкілдері, конкурс шарттарымен, қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ басым бағыттар тізімімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз! Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03