Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

 

2024 жылғы 26 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 5 ҮЕҰ-дан 6 өтінім түсті, 6-ның барлығы да мемлекеттік тілде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 18 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 03 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Мәдениет пен өнерді дамыту Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау қысқа мерзімді «Бала жолы» қоғамдық қоры
2 қысқа мерзімді «Айтыс-Асылмұра» қоғамдық қоры
3 Дәстүр жалғастығы қысқа мерзімді «Қазақ аналары-дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалы
4 Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру қысқа мерзімді Ақтау қалалық Суретшілер одағы
5 Айтыс жанрымен айналысып жүрген талантты жастарға қолдау көрсету қысқа мерзімді «Айтыс-Асылмұра» қоғамдық қоры
6 қысқа мерзімді «Жыр-жебе» Ақындар мектебі қоғамдық қоры

2) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылған өтінімдер жоқ.