Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының тапсырысымен гранттарға конкурс жарияланады  

Жарияланған күні: 21.02.2024


Бірыңғай грант операторы мемлекеттік гранттарды алуға үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер қабылдауды бастайды. Конкурсқа тапсырыс беруші – Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы.

Үкіметтік емес ұйымдар әрқайсысы 10 миллион теңгені құрайтын 2 қысқа мерзімді грантқа өтінім бере алады. Жобалар азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесу, оның ішінде ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау салаларында жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Барлығы 2 басым бағыт – Маңғыстау облысындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзуға жол бермеу жарияланған. 

Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 22 ақпан мен 14 наурыз аралығында (Астана уақыты бойынша) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды.

Конкурстық өтінімдер upt-mangistau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті.

* Құрметті ҮЕҰ өкілдері, конкурс шарттарымен, қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ басым бағыттар тізбесімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз! Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты мына жерден, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03