Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

 

2024 жылғы 08 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 22 ҮЕҰ-дан 39 өтінім түсті, оның 24-ы мемлекеттік тілде және 15-і орыс тілінде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 28 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

 

Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамыту қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
2 «Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
3 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру қысқа мерзімді «Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қысқа мерзімді «Айрық» қоғамдық қоры
5 «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігі
6 «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа Қарсы Жалпыұлттық Қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі
7 «Әсер» қоғамдық бірлестігі
8 «ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры
9 Сындарлы диалог қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды дамыту қысқа мерзімді «Айрық» қоғамдық қоры
10 «Риза-ана» қоғамдық қоры
11 Азаматтық бастамаларды қолдау қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
12 «Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
13 «Қорган-М» қоғамдық бірлестігі
14 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Аймақтағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қысқа мерзімді «Риза-ана» қоғамдық қоры
15 «Бала жолы» қоғамдық қоры
16 «Шуақты өлке-2050» қайырымдылық қоғамдық қоры
17 «Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
18 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
19 Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу Аймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру қысқа мерзімді «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры
20 «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
21 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
22 «Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі
23 «ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры
24 Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қысқа мерзімді «JasART » жеке меншік мекемесі
25 Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Жауынгерлік бауырластық» Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі
26 «Әсер» қоғамдық бірлестігі
27 Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру қысқа мерзімді «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігі
28 «Риза-ана» қоғамдық қоры
29 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
30 Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдау қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
31 «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
32 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
33 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерд шешуге жәрдемдесу Отбасылық құндылықтарды насихаттау және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру қысқа мерзімді «Әсер» қоғамдық бірлестігі
34 «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» қоғамдық бірлестігі
35 «Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі
36 «Көмек командасы» қоғамдық қоры
37 Отбасындағы тәрбие берудегі әке рөлін нығайту қысқа мерзімді «Әсер» қоғамдық бірлестігі
38 «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1 Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдау қысқа мерзімді «Қайырымдылық желілік басылым – Қазақстанның Фотоэнциклопедиясы» жеке қоры Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді