«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ | Заңның
5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор |
1. | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу | Маңғыстау облысы бойынша медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастыру | Бүгінгі таңда медициналық қызметтердің сапасы жалпы денсаулық сақтау саласының дамуын да, жекелеген медициналық ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін де сипаттайтын негізгі индикатор болып табылады.
Өңірдің денсаулық сақтау саласының алдында азаматтарды медициналық ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сапасын арттыру, медициналық ұйымдар қызметінің жекелеген көрсеткіштерін бағалау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды уақтылы қабылдау міндеті қойылған. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін аймақтағы медициналық ұйымдар мен азаматтық қоғамның арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту, медициналық қызметтер сапасына мониторинг жұмысына тарту, медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. |
10 000 | 1 Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикаторлар:
Маңғыстау облысы бойынша кемінде 2500 адамды тарта отырып медициналық қызметтер сапасының қоғамдық мониторинг ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже: 1) Аймақтағы кемінде 5 тәжірибелі маманды, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылады және тұрақты түрде кемінде тоқсан сайын 43 медициналық ұйымда «құпия сатып алушы» тәсілінде қоғамдық рейдтер ұйымдастырылады; 2) Азаматтарға денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен таныстыруды қамтамасыз етуге бағытталған кемінде 10 ақпараттық видеоролик (қаз тілде -5, орыс тілде – 5 видео), 15 тақырыпта ақпараттық графикалық постер мен 1000 брошюра әзірленеді және таратылады; 3) Аймақтағы медициналық мекемелердің қызмет сапасына тұрақты мониторинг жүргізуге бағытталған кері байланыс орнатудың цифрлық шешімі ұсынылады және іске қосылады; 4) Аймақтағы медициналық мекемелердің қызмет сапасын бағалау бойынша кемінде 2 рет барлығы 1000 респондент қатысуымен 2 аудан және 5 қалада әлеуметтік сауалнама жүргізу; 5) Жоба нәтижесі бойынша республикалық деңгейдегі кемінде 2 тәжірибелі маманды тарта отырып, аймақтағы медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру бойынша кемінде 70 беттік талдамалық құжат (қазақ және орыс тілінде кемінде 100 дана) жасақталады және кемінде 35 медициналық ұйымға таратылады |
2. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу | Еліміз үшін жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау проблемасы ерекше медициналық-әлеуметтік маңызға ие болып отыр.
2022 жылғы «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша жастардың тек 29 %-ы репродуктивті денсаулықтың не екенін жақсы білетіні анықталды. Ауылдық жерлерде жастардың шамамен 73,7%-ы бұл туралы хабардар етілмеген немесе үстірт хабардар етілген. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдер жүктілігінің, көшелерде тастап кеткен сәбилердің мыңдаған жағдайлары тіркеледі. Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің 193 фактісі тіркелген. Мұндай жағдайда жастар мен жасөспірімдерге өздерін физикалық және эмоционалды түрде қорғай білу маңызды. Оларға қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және ескірген стереотиптерді жеңу үшін жыныстық және гендерлік білім қажет. Бұл ретте «теңнен теңге» қағидаты бойынша жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізу, медициналық мекемелердің мамандары үшін кәмелетке толмаған қыздарда ерте жүктіліктің алдын алу бағдарламасын әзірлеу, жастар мен мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтауға қатысты нақты іс-шараларды қолға алу керек. |
10 000 | 1 Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикаторлар:
Маңғыстау облысында жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша кемінде 128 медициналық маманның біліктілігін арттыру
Күтілетін нәтиже: 1) Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 11-13 жас, 13-15 жас, 15-18 жас санатындағыларға бейімделген оқыту бағдарламасы әзірленеді және аталған бағдарлама аясында Маңғыстау облысындағы кемінде 128 медицина маманы біліктілігін арттырады; 2) Маңғыстау облысындағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмысты үйлестіруге бағытталған кемінде 10 сарапшының қатысуымен эксперттік топ құрылады және өткізілген кемінде 3 отырыстың нәтижесі бойынша ұсыныстар енгізіледі; 3) Маңғыстау облысының 5 ауданы мен 2 қаласында кемінде 7 сарапшы маманды (медицина мамандарын қоса алғанда) тарта отырып кемінде 2500 адамның қатысуымен қыздар мен ұлдар жиыны ұйымдастырылады; 4) Жастар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік мәселесіне қоғам назарын аударту үшін кемінде 2 анимациялық видеоролик әзірленеді және әлеуметтік желілердегі танымал 3 парақшада, БАҚ беттерінде таратылады |
3. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Тәуекел тобындағы контингенттер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі шаралар (МСМ-ер адам мен ер адам, МС-секс қызметкерлері, ЛУИН-инъекциялық есірткі қолданатын адамдар) | Маңғыстау облысында 2023 жылы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар арасында АҚТҚ-инфекцияны жұқтырғандар саны – 35 адам, қайтыс болғандар саны – 2 адамды құрап отыр.
Осыған байланысты профилактикалық шараларды жастар мен жасөспірімдер арасында кешенді жүргізу қажеттілігі туындауда. Аймақта білім беру ұйымдарынан бастап халықтың негізгі топтарының көп шоғырланған және медициналық ұйымдардан тыс жерлерде халықтың негізгі топтарын, жастарды АИТВ-ға алдын алу және оларды тестілеуге тарту туралы ақпарттандыру жұмыстарын жүргізу, психоәлеуметтік кеңес беру бойынша жұмысты атқарылуы керек.
|
10 000 | 1 Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикаторлар:
Маңғыстау облысында жастар мен жасөспірімдер арасында АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстарына кемінде 3000 адамды тарту
Күтілетін нәтиже: 1) Өңірде жастар мен жасөспірімдер арасында АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша кемінде 10 000 қаралымды қамту арқылы кемінде 3 әлеуметтік желіде жаңа парақша ашылып, аптасына кемінде 3 рет ақпараттық материалдар жарияланады; 2) Аймақта АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша кемінде 6 әлеуметтік ролик (қазақ және орыс тілінде), 1000 брошюра, 5 билборд жасалады және таратылады; 3) АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша облыстың 5 ауданы мен 2 қаласында кемінде 2500 адамның қатысуымен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылады; 4) Маңғыстау облысында кемінде 25 аутрич-волонтерге арналған оқыту бағдарламасын ұйымдастырылады және олардың қатысуымен кемінде 2 әлеуметтік желіде кемінде 100 адамды қамту арқылы ақпараттық-адрестік жұмысты ұйымдастыру |
Барлығы | 30 000 |
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы;
12) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «26» НАУРЫЗ БЕН «15» СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта upr.zdrav-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта upr.zdrav-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» (серіктестердің хаттары), «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» (көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Әлеуметтік жобалар шетелдік көздер есебінен іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын шарттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері) жолдары толтырылған жағдайда.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;
3) «Әлеуметтік жобаның шығындар сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) upr.zdrav-mangystau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «29» ақпандағы № 73 бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-dsb/documents/details/629768?lang=ru
Құжаттар: