Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік гранттарының жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні: 15.04.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы биыл алғаш рет өңірлік гранттар ұсыну жөніндегі конкурстарды өткізді.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік грантты ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 21 ақпан мен 24 наурыз аралағында жүргізілді.
Конкурс мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау, Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту.
Барлығы 10 үкіметтік емес ұйымнан 10 өтінім келіп түсті.
Байқау қорытындыларына сәйкес мына 5 ҮЕҰ жеңімпаз атанды: «Әсер» ҚБ, ««Даму» қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ, «Эко Маңғыстау» ҰПУ, «Қоғамды дамыту мәселелері бойынша Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ, «Саламатты ел» ҚҚ.
Өңірлік грант иегерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды дамытуға, Маңғыстау облысында «бір терезе» қағидаты бойынша ҮЕҰ-ға қолдау көрсететін азаматтық орталық ұйымдастыруға бағытталған жобаларды іске асыратын болады.