«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша алты жоба жарияланды

Құрметті отандық ҮЕҰ өкілдері!
ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.
Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.
«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша алты жоба жарияланды:
Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етудің іс-шаралар кешенін іске асыру.
Жобаның мақсаты: Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына тартуға жәрдемдесу
2) Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру.
Жобаның мақсаты: Жастар арасында сана-сезімін және патриотизм деңгейін арттыру. Жастар арасында Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын жандандыру
3) Шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастарды біріктіру жөніндегі жобаларды іске асыру.
Жобаның мақсаты: Шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастарда патриотизмді, ұлттық сананы, бірлік және ел тағдырына қатыстылық сезімін қалыптастыру.
4) Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау дағдыларын, басқалардың пікіріне төзімділікті қалыптастыру.
Жобаның мақсаты: ұлттық идея ретінде жастар ортасындағы белсенді азаматтық ұстанымның мәні мен мазмұнын сараптамалық талқылау.
5) Жастардың психикалық денсаулығына ықпал ететін жобаларды іске асыру.
Жобаның мақсаты: Өмірді қорғау және денсаулықты (физикалық, психикалық) нығайту. Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту және сауықтыру үшін отбасымен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін, өзара іс-қимылдың оңтайлы нысандары мен әдістерін іздеу
6) Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша шаралар кешенін қабылдау.
Жобаның мақсаты: Жастардың өзін-өзі дамытуы және әлеуетін ашуы үшін өз идеяларын туған өңірінде жастар ресурстық орталықтары арқылы іске асыру үшін мүмкіндіктер жасау.
«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.