ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант беруге конкурс аяқталуға жақын

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» тақырыбы бойынша ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант беруге конкурс аяқталуға жақын екендігін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 23 шілде, сағат 18:00-де аяқталады.
Аталған жобаның мақсаты Қазақстандық ҮЕҰ-ның халықаралық аренадағы әлеуеті мен рөлін күшейту.

Конкурсқа ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар ҮЕҰ қатыса алады.
Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі, оның ішінде конкурсқа қатысу үшін өтінімге қойылатын талаптар үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://cisc.kz/2021/06/24/azamattyq-bastamalardy-qoldaw-ortalyghy-keaq-uekimettik-emes-ujymdargha-arnalghan-memlekettik-granttar-berw-konkwrsyn-zhariyalajdy/