ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталды

Биылғы жылдың 4 маусымында жарияланған ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі кеше, 3 шілде күні аяқталды.
 
Алдын ала жасалған қорытындылар бойынша, бізге 67 ҮЕҰ-дан 111 өтінім келіп түсті. Мемлекеттік тілде – 33 өтінім, орыс тілінде-78 өтінім берілді. Конкурстың соңғы күні 89 өтінім келіп түсті.
 
Қазіргі уақытта Орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру Қағидаларына және бекітілген гранттар жоспарында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 23 шілде күні сағат 18:00-ге дейін «Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» тақырыбы бойынша ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдайды.
Жобаның мақсаты – Қазақстандық ҮЕҰ-ның халықаралық аренадағы әлеуеті мен рөлін күшейту.
 
Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: