Тапсырыс берушілерге

Тапсырыс берушілерге

Жергілікті атқарушы органдарды, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу миссиясы бар жергілікті және шетелдік донорлық ұйымдарды, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыратын бизнес сектор өкілдерін ынтымақтастыққа шақырамыз!

Мемлекет, қоғам және бизнес арасында көпір бола отырып, Орталық бүкіл Қазақстан бойынша 15 түрлі әлеуметтік бағытта үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды әкімшілендіру және кешенді сүйемелдеу бойынша операторлық қызметтерді көрсетуге дайын.

 

Гранттарды Орталықтың операторлығына берудің артықшылықтары

 

  1. Гранттық қаражатты жоспарлау кезіндегі сараптамалық тәсіл

Гранттық қаражатты бірлесіп жоспарлау кезінде Орталық нысаналы бенефициарлардың сұраныстарын бағалауды, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, гранттық жобалардың тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша үздік практикаларды талдау негізінде, сондай-ақ Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін, құндылықтарын, стратегиялық және беделдік мақсаттарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге өзекті және инновациялық тәсілді қамтамасыз етеді.

  1. Гранттарды қолдау мен іске асырудың сервистік тәсілі

Орталықтың сервистік тәсілі Тапсырыс берушінің гранттық конкурсын кеңінен жария етуден, үкіметтік емес ұйымдарға өтінім беру бойынша консультациялық қызметтер ұсынудан, есептілікті дайындау бойынша консультацияларды, жобаларды ақпараттық жария етуде қолдау көрсетуді, жобалардың тұрақтылығы мен ауқымын қамтамасыз ету үшін бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстарды тартуды қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде толық сүйемелдеуден тұрады.

  1. Гранттарды ұсыны және іске асыру кезіндегі транспаренттілік пен есептілік

Гранттық қаражатты бөлудің транспаренттілігі және тәуелсіздігі кездейсоқ әдіспен қалыптастырылатын тәуелсіз сараптама комиссиясының сапалық құрамын қамтамасыз ете отырып, ашық конкурстық рәсімдерді өткізу, сараптама комиссиясының отырысын Орталықтың ресми интернет-ресурсында трансляциялау, сондай-ақ жобалардың іске асырылуы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуын мониторингтеу арқылы қамтамасыз етіледі. Гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша Орталық Тапсырыс берушіге шоғырландырылған бағдарламалық және қаржылық есептерді ұсынады.

Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Орталық жобалық құжаттардың толық топтамасын жариялайды, ресми интернет-ресурста жобаларды іске асыру барысы мен қорытындылары туралы көпшілік алдында презентациялар өткізеді.

  1. Гранттарды іске асыру тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау

Жоспарланған мақсаттардан, міндеттерден, күтілетін нәтижелер мен мерзімдерден ауытқуларды уақтылы анықтау арқылы гранттық жобаларды іске асыру сапасын жақсарту мақсатында Орталық тұрақты негізде жобаларды іске асырудың кешенді мониторингін жүргізеді.

Мониторинг қоғамдық мониторинг пен сарапшыларды тарту мүмкіндігімен камералдық және көшпелі мониторинг жүргізу арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

Бұдан басқа, гранттық жобалар аяқталғаннан кейін Орталық әзірленген әдістемеге сәйкес барлық мүдделі тараптарды, яғни Орталық, игілік алушылар, сондай-ақ Тапсырыс берушіні тарта отырып, жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады. Тиімділікті бағалау нәтижелері гранттық жобаларды талдау және іске асыруды жетілдіру, сондай-ақ ҮЕҰ үшін гранттардың өзекті тақырыптарын қалыптастыру үшін қолданылады.

  1. Грантты іске асыруды PR және GR сүйемелдеу

 

Орталық мемлекеттік органдармен, халықаралық және жергілікті донорлық қоғамдастық, БАҚ, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ҮЕҰ өкілдерімен тығыз жұмыс істейді. Гранттар шеңберінде әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделі тараптардың ресурстарын тарту үшін Орталық бизнес, мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланыстарды жолға қоюға ықпал етеді. Бұл ретте Орталық жергілікті және республикалық БАҚ-да гранттық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты ілгерілету бойынша белсенді ақпараттық науқан жүргізеді.

 

  1. Ынтымақтастық сызбасы

ЖАО үшін:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес, оператор мемлекеттік гранттарды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген бағыттар шеңберінде мемлекеттік бюджет (республикалық және/немесе жергілікті бюджет) қаражатынан және уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оператормен жасасатын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар үшін ақша қаражатын беру туралы шарттың негізінде ұсынады.

 

 

өзге донорлар үшін:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының 3-тарауына сәйкес, мемлекеттік емес гранттар конкурс негізінде донорлар қаражаты есебінен беріледі. Мемлекеттік емес грант беру жөніндегі конкурстың шарттары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оператор мен донор арасында жасалған шартпен (бұдан әрі – шарт) айқындалады.

Бұл ретте грантты іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық тапсырыс берушілердің жеке сұраныстары мен талаптарына бейімделетін стандартты схемаға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

III. Оператордың қызметі

  • Оператор қызметтерінің құнын есептеу «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қызметтерінің құнын есептеудің бекітілген Әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  • Мемлекеттік гранттар шеңберінде операторлық қызметтер үшін алынатын пайыздық мөлшерлеме гранттар сомасының кемінде 10% – ын құрайды.
  • Мемлекеттік емес гранттар беретін өзге донорлар (демеушілер) үшін көрсетілетін операторлық қызметтердің пайыздық мөлшерлемесі тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

 

  1. Тапсырыс берушілеріміз

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ

«Медиа дамыту қоры» КҚ