menu
facebook Instagram telegram
Байланыс орталығы: 8 800 080 77 50
glasses Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
  RU  ENG
Жиі қойылатын сұрақтар

Есепті уақтылы тапсырмағаны үшін айыппұл қалай өндіріледі?

Тұрақсыздық айыбын есептеу "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқармасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 33 шешімімен бекітілген грант беру туралы шарттар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) есептеу жөніндегі нұсқаулықпен, сондай-ақ грант алушымен грант беру туралы қол қойылған шарттардың талаптарымен регламенттеледі.

Тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) – грант алушы міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, қоғамға төлеуге міндетті шартта айқындалған ақша сомасы.

Грант алушы шарттың талаптарына сәйкес аралық және/немесе қорытынды қаржылық немесе бағдарламалық есептерді ресми түрде ілеспе хатпен бірге шартта белгіленген мерзімде ұсынады.

Шарт талаптарына сәйкес есептер беру бұзылған, есептер мониторингі нәтижесінде анықталған ескертулерді уақтылы жоймаған жағдайда Грант алушы грант берушіге мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% - ы мөлшерінде, бірақ шарттың жалпы сомасының 10 (он)% - нан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді.

Шарт бойынша тұрақсыздық өсімпұлдың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

РН = ОСГ*0,1 %*П

ӨМ=ГЖС*0,1*МӨК

ГЖС- шарт бойынша гранттың жалпы сомасы

МӨК-мерзімі өткен күнтізбелік күндердің саны