Қазақстанда ҮЕҰ-ны қолдауға арналған азаматтық орталық ашылды

 

Орталық азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында құрылған. Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы жүзеге асырады.

Жобаның негізгі мақсаты ҮЕҰ-ға арналған  өңірлік азаматтық орталықтардың әлеуетін нығайтуда.

«Біздің негізгі міндетіміз – ҮЕҰ-ға арналған республикалық азаматтық орталықтың қызметін ұйымдастыру. Біз ҮЕҰ-ның аймақтық азаматтық орталықтары үшін кеңес беру, әдістемелік, біліктілікті арттыру қызметтерін көрсетеміз. 2021 жылы әзірленген нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштері негізінде өңірлік ресурстық орталықтардың қызметіне талдау және бағалау жүргізіледі. Сондай – ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру тақырыптары бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлене отырып, талдамалық есеп дайындалды», – деп атап өтті жоба үйлестірушісі Темірлан.

Рақыш.

Әлеуметтік жоба шеңберінде өңірлік азаматтық орталықтарға консультациялық және әдістемелік қызметтер көрсетілетін болады.

Ұйымдастырушылар тәжірибе алмасу мақсатында заматтық ресурстық орталықтар арасында Networking-конференцияларын өткізеді.

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ҮЕҰ-ны қолдауға арналған ауылдық ресурстық орталықтар құрмақ.

Қоғам белсенділері бұл жұмыстың азаматтық сектордың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың және гранттық қаржыландыру тақырыбын ашық талқылау және нәтижелерін бағалау процестеріне қатысуын жандандыратынына сенімді.