Бұл стипендиялық бағдарлама Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның азаматтық қоғамының жетекші өкілдері мен зерттеушілеріне Чехияның Прага қаласында зерттеулер жүргізу, мақалалар жазу және нетворкинг жүргізуіне бағытталған.
Шәкіртақы қатысушылардың келесі жобаларын қаржыландырады:
- Азаматтық қоғам мен адам құқықтарына әсер ететін проблемаларды, мүмкіндіктер мен үрдістерді зерттеу;
- Адамдарға және/немесе азаматтық секторға пайда әкелетін кітап немесе оқулық, саяси немесе аналитикалық құжат жазу;
- Тұжырымдаманы әзірлеу және жаңа жобаны бастау.
Үш айлық бағдарлама іріктелген қатысушылар үшін көлік шығындарын және базалық тұру шығындарын өтейді, сондай-ақ виза алуға көмек көрсетеді.
Конкурс шарттары:
Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:
- Шығыс Еуропа немесе Орталық Азия елдерінің журналистері, сарапшылары, зерттеушілері, құқық қорғаушылары, экологиялық немесе қалалық белсенділері, сондай-ақ өз елінде немесе аймағында азаматтық қоғамға бейілділігі мен тәжірибесі расталған үкіметтік емес ұйымдары мен қоғамдық топтарының мүшелері;
- Өтінім ағылшын немесе орыс тілдерінде толтырылуы тиіс.
Өтініш беру мерзімі: 12 тамыз 2022 жыл.
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:
https://www.praguecivilsociety.org/events/fellowships-2022-2023?lang=ru