2016 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып енгізілген үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру өзін ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының бірі ретінде көрсетті. Гранттық қаржыландыру операторы арнайы құрылған орталық болып табылады. Орталықтың өзі мемлекет тарапынан да, бюджеттен тыс көздерден де, мысалы, шетелдік донорлардан да қолдау ала алады. Бұл ретте орталық-оператор атқарылған жұмыс туралы жұртшылық алдында жыл сайын жария түрде есеп беруге міндетті. Мемлекеттен бөлек арнайы құрылған заңды тұлғаның гранттық қаржыландыру тәжірибесі шетелде танымал болып табылады. Ресей, АҚШ, Хорватия, Венгрия, Румыния, Эстония сияқты елдерде гранттар коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған жеке заңды тұлғамен беріледі.
2016 жылы құрылған сәттен бастап азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жалпы сомасы 7 млрд.теңгеге 400-ге жуық мемлекеттік грантты іске асырды. Мемлекеттік гранттар құралы шеңберінде біз іске асыру мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі стратегиялық және Ұлттық ұзақ мерзімді жобаларды қолдаймыз.
2016 жылы орталық 11 жобаны іске асырса, 2017 жылы 57 жобаны іске асырды. 2018 жылы 28 жоба іске асырылды, 2019 жылы іске асырылған жобалар саны 130-ға дейін өсті. 2020 жылы 117 жоба, ал 2021 жылы 51 жоба іске асырылды.