Орталық қызметкерлері марапатталды

Республика күні қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде ведомство қызметкерлері мен министрлікке бағынысты ұйымдардардың және БАҚ өкілдері мелекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Республика күніне орай ұйымдастырылған шара барысында ведомство басшысы Дархан Қыдырәлі бірқатар мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсырды.
Мемлекеттік наградалар иегерлерінің қатарында БАҚ және Министрлік жетекшілік ететін салалардың өкілдері бар.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан марапатталғандардың арасында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері: Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Махпал Дангилова, Орталықтың баспасөз хатшысы Әсем Мирхайдарова, Ынтымақтастық және даму департаментінің директоры Айгерім Каримова.
Сонымен қатар, марапаттау рәсімі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында өтті. Республика күні қарсаңында Орталықтың қызметкерлері: PR-менеджер Сәкен Кубышев, жобаларды басқару департаментінің менеджерлері Дамира Рыспаева мен Әсел Байжиенова Орталықтың Басқарма төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.