Орталық коммуникациялар кызметінің брифингінде

Орталық коммуникациялар кызметінің брифингінде «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында «Қазақстан мұғалімі » Ұлттық сыйлығын іске асыру барысы туралы талқыланып, педагог мәртебесін көтеру мен педагог еңбегінің лайықты бағалану қажеттілігі атап өтілді.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, Орталық «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының қолдауымен биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында үкіметтік емес ұйымдар үшін 30 шағын грантты (әрқайсысы 1 200 000 теңге көлемінде) жүзеге асырады.
«Бұл гранттар – мұғалімдердің білім беру процесін жақсартуға, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін жан-жақты дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталатын болады.
Орталық осы шағын гранттар беру үшін ҮЕҰ арасында конкурс жариялайды. Сондай-ақ сыйлыққа қатысушы педагогтармен бірлесіп гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді»,- деп атап өтті Л.Диас.
Осылайша, мұғалімдер мен қоғам белсенділері арасындағы бірлескен тиімді ынтымақтастығы арқылы орта білім беру мекемелерін дамыту, сондай-ақ азаматтардың жаңа бастамаларын қолдау үшін жағдайлар жасалатын болады.