Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Qolda 3.0» конкурсының үшінші кезеңі басталғаны туралы хабарлайды

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 3.0» конкурсының үшінші кезеңі басталғаны туралы хабарлайды.
«Qolda 3.0» конкурсына қатысуға Шымкент пен Қазақстанның 14 облысында төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін, өткір әлеуметтік мәселелерді шешетін және волонтерлік қызметті дамытатын үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.
1. Әр түрлі зорлық-зомбылықтың, әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және профилактикасы (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);

2. Аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыру мен қолдаудың ұзақ мерзімді және онлайн шешімдерін әзірлеу, аймақтық ҮЕҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру, аймақтарда волонтерлікті дамыту (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);

3. Эко-волонтерлікке және экологиялық тәрбиеге бағытталған жобалар (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін);

4. Дағдылар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін дамыту және микро және нано бизнесті бастау жобалары (грант мөлшері 3 млн. теңгеге дейін);

5. Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты адвокаси жобаларын қолдау (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін).
Конкурсқа қатысу үшін https://qolda.org/. сайтында өтінім толтыру қажет.
Өтінім жіберу мерзімі 2021 жылдың 4 шілдесі сағат 23.00 дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен). Нәтижелер 2021 жылдың 15 шілдесінде жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) келесі электрондық пошталарына жіберулеріңізді сұрайды: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org, https://t.me/Qolda_project.
«Qolda 3.0» үшінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиімді ден қою және өткір әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуетін жақсартуға көмектесуге бағытталған.