Мадияр Қожахмет тікелей эфирде ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар беру жөніндегі кезекті конкурс туралы айтып берді

Бүгін, 16 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы алаңында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет тікелей эфирде ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар беру жөніндегі кезекті конкурс туралы айтып берді.

2021 жылдың шілде-қараша айларына үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарында Азаматтық қоғам істері комитетінде 9 жоба қарастырылған. Олар үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарынан тұрады, – деп атап өтті Мадияр Қожахмет.

Мадияр Қожахмет еріктілер қозғалысының “Birgemiz: Saulyq”, “Birgemiz: Asyl Mura”, “Birgemiz: Sabaqtastyq”, “Birgemiz: Ömit”, “Birgemiz: Taza Alem”, “Birgemiz: Qamqor” тақырыптарындағы алты негізгі бағыты бойынша жұмыстар биыл да жалғасатынын айтты.