Кеше Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас “Қазақстанның азаматтық қоғамның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі” тақырыбына қатысты ұйымдастырылған дөңгелек-үстел жұмысына қатысты.
Осы іс-шара барысында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысып, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін талқылады.
Өз сөзінде Л.Диас Елбасының Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуына сіңірген тарихи еңбегі мен өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталды. Атап айтқанда, Тұңғыш Президенттің бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының 97-тармағын іске асыру шеңберінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылды.
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік аппараттың, грант беруші және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мақсатында құрылды. Қазіргі таңда АБҚО гранттық қаржыландыру саласындағы бірегей оператор және халықаралық ұйымдар мен барлық Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың сенімді серіктесіне айналып отыр”, – деді Л.Диас.
Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырды.