II Республикалық «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық жағдайы талқыланып, жергілікті қауымдастықтарды дамытудың сәтті шыққан модельдері қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, «Спикер№7» атты интеллектуалдық конференциясы өтуде.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы Форум басталар алдында ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін өткізген еді. Байқау қорытындысы бойынша жергілікті қауымдастықты дамытуды көздейтін 100-ден аса жоба түсті. Аталмыш жобалармен http://asarprojects.kz/ сайтынан таныса аласыздар.