«Fashion Girls in Business»жобасының қатысушыларымен онлайн режимде екі бейресми кездесу ұйымдастырылды.

«Fashion Girls in Business»жобасының қатысушыларымен онлайн режимде екі бейресми кездесу ұйымдастырылды. Жобаның қонақтары Қазақстандағы Geneva Business School-ның негізін қалаушы және аймақтық директоры, сондай-ақ in-VR виртуалды шындық стартапының негізін қалаушы Алина Абдрахманова мен 2019 жылы құрылған «ByОva» әйелдер киімі брендінің негізін қалаушы және дизайнері Анар Байтемирова болды.
Кездесу барысында спикерлер өздерінің кәсіпкерлік жетістіктері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Өз жобалары, соның ішінде In-VR жаңа жобасы туралы айтқан Алина Абдрахманова жаңадан кәсібін бастағандарға кез-келген жобаның жетістігі – жақсы команданың болуында екендігін жеткізді: «Басында адамдар таңдауға өте мұқият қарау керек. Мен үшін бизнесте жұмыс істейтін адамдарға барынша сенім арту өте маңызды».
Сонымен қатар, Алина Абдрахманова қатысушылардың Стартапты қалай табысты жобаға айналдыру, қаржыландыруды қайдан іздеу және жобаның тығырыққа тірелгенін қалай түсіну туралы сұрақтарына жауап берді.
Анар Байтемирова Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларындағы мультибрендті дүкендер желісінде киім сату тәжірибесі негізінде бүкіл Қазақстан бойынша ірі ритейл-компаниялармен ынтымақтастық туралы әңгімеледі.
«Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте іске асырады. Жоба аясында алдыңғы кездесулерде қыздар тележүргізуші әрі мультибрендті дүкендердің иесі Динара Сатжанмен және The Steppe қазақстандық медиастартабының негізін қалаушы Зауре Розматпен кездескен болатын.