«Fashion Girls in Business» жобасы аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен өзара әріптестікте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы іске асырған «Fashion Girls in Business» жобасы театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсымен аяқталды.
Қатысушыларды қолдауға Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің өкілі-Мәдениет жөніндегі атташе Ора Амбер, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің директоры Айгерім Кәрімова келді.
Сонымен қатар, Red Point Kazakhstan компаниясының директоры Әсел Қожақова, TSE Art Destination галереясының арт директоры Бауыржан Сағиев және Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің грант менеджері Зарина Кәрімова қазылар алқасына шақырылды.
«Fashion Girls in Business» жобасының қатысушылары тігін ісі/өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-сұлтан қаласы колледждерінің студенттері қатысты. Жоба 5 айға созылды, оған қатысушылар бизнес-жоспарлау, маркетинг, сату және коммуникация, сондай-ақ сән тарихы сияқты бағыттар бойынша семинар-тренингтер форматында 12 сағаттық дәріс алды.
Сондай-ақ, жоба аясында Қазақстанның табысты әйелдерімен кездесулер ұйымдастырылып, олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Соңғы кездесу 16 маусымда өтті. Спикер ретінде Mimioriki брендінің негізін қалаушы Инна Апенко сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Ора Амбер ұйымдастырушылар мен қатысушыларды жобаның аяқталуымен құттықтап, «Fashion Girls in Business» жобасын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді»:
«Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жобаға қызығушылық танытып, қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Қатысушылар өз ісін бастауға көмектесетін бизнес туралы қажетті білім алды деп үміттенемін».
О. Амбердің айтуынша, жобаның мақсаты-қатысушылардың бизнестегі ой-өрісін кеңейту және табысқа жету жолдарын көрсету. Сонымен қатар, жоба барысында қатысушылар американдық классикалық әдебиетпен және АҚШ мәдениетімен танысты.
Театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсына 5 команда қатысты. Костюмдерді, сондай-ақ театрлық қойылымды «Fashion Girls in Business»жобасына қатысушылардың өздері дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командасын ұсынған қатысушылардың әрқайсысы тігін дүкеніне 45 мың теңге көлемінде сыйлық сертификатын алды, жобаның қалған қатысушылары 19 мың теңгеге сертификат алды.
Майя Темірболатованың жетекшілігімен іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерінен құралған «Томирис» топтамасының шағын көрсетілімімен аяқталды.