Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) өкілдері Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Кеңсесінде болып қайтты

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ кеңсесінің басшысы доктор Фолькер Фробарт, оның орынбасары Диана Диголь, кеңсенің ұлттық бағдарламалық офицері Әсел Мұрат және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Лима Диастың қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында Лима Диас меймандарды ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен, гранттық қаржыландыру тетіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ өкілдеріне ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс және азаматтық секторды дамыту саласын жетілдіру жөніндегі жұмыс жоспарлары туралы айтылды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыру мәселесі бойынша ынтымақтастықтың жарқын келешегі бар бағыттарын талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт Орталық қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар үшін жобалық басқару бойынша оқыту іс-шараларын іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Осылайша, Орталық азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылайтын алаңға айналып, жергілікті және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, елдің ҮЕҰ әлеуетін арттыруды қамтамасыз етеді.
Кеңсе Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ЕҚЫҰ-ның далалық миссиясы болып табылатынын атап өту керек. Кеңсенің қызмет ету саласына қару-жарақты бақылауды, шекараларды басқаруды, терроризмге және адам саудасына, қару-жарақ пен есірткіге қарсы күресті қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ экономикалық-экологиялық мәселелер, Адам құқықтары және құқық үстемдігі мен БАҚ бостандығы мәселелері енеді.
Кеңсе ЕҚЫҰ-ның өңірлік іс-шараларын, оның ішінде өңірлік семинарлар мен ЕҚЫҰ делегацияларының сапарларын ұйымдастыруға көмектеседі. Ұлттық мүдделі тараптардың әлеуетін дамыту және ЕҚЫҰ институттары мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы ЕҚЫҰ қызметі туралы ақпарат алмасуға жәрдемдесу арқылы Қазақстан үкіметіне көмек көрсетеді.