«Еуразиялық Топ» ЖШС

Құжаттар: «ERG Көмек»КҚ-мен 2021 жылғы 26 қарашадағы № NP/ERGK/21-0080 демеушілік көмек көрсету туралы шарт

Мақсаты: «Қайырымды істер марафоны»жалпыұлттық жобасы шеңберінде волонтерлерді, меценаттарды және азаматтық белсенділерді марапаттау бойынша 2021 жылғы 2-3 желтоқсанда Павлодар қаласында қорытынды салтанатты іс-шараны өткізу

Сомасы: 5 млн. теңге

 

Еуразиялық Топ

Еуразиялық Топтың тарихы 1994 жылы компания акционерлерімен Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы активті алғаннан бастау алады. Сол кезден бастап ERG өндіру, қайта өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында кәсіпорындары толық біріктірілген дүние жүзіндегі әртараптандырылған тау-кен металлургиялық жетекші Топтарының бірі болды.

Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқаруды жүзеге асырады: «Қазхром»ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», АҚ «3-Энергоорталык»АҚ, «ТрансКом» ЖШС,«3-Энергоорталық» АҚ және «ERG Service» АҚ – жиынтығында Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары.

 

Компанияның миссиясы

Өзіміз атқаратын істе үздік болу. Құндылықтарға адалдықты сақтай отырып, әлеммен бірге даму. Жер мен адамзаттың потенциалын ұқыпты игере отырып, бізге сенім артқандардың гүлденуін қамтамасыз ету. Компания миссияларын жүзеге асыруда мына құндылықтарды басшылыққа аламыз: Қауіпсіздік, Жауапкершілік, Тиімділік, Даму мен Бірлік.

ҚАУІПСІЗДІК

БІРЛІК

ЖАУАПКЕРШІЛІК

ДАМУ

ТИІМДІЛІК