ЕСОВАТУЅ: ҚОҒАМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Бір ай бұрын «Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп еліміздің батыс өңірлеріндегі ҮЕҰ арасында «EcoBatys» байқауының жеңімпаздарын анықтады.

 

Грантты ұтып алған ҮЕҰ арасында «ХАЗІРЕТ» жастар қоғамдық қоры бар. Олардың қызметінің арқасында Маңғыстау облысының 5 елді мекенінде 50-ден астам ағаш отырғызу бойынша 5-тен астам акция өткізілді, оларға жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Жоба әлі де жалғасуда.

 

Тағы да бір  жоба – «Алшы» мәдени қоры жүзеге асырып жатқан «Жасыл Атырау» жобасы. Атырау облысында азаматтық белсенділер аймақ тұрғындарын ағаш отырғызу процесіне және балабақшалар, мектептер, ауруханалар, қала аудандарындағы аулаларды көгалдандыруға үйретеді.

Қысқа мерзім ішінде қоғам белсенділері ағаш талдарын егуге бағытталған 14 акция өткізіп, нәтижесінде 552 ағаш пен 440 гүл отырғызды. Акциялар әлі де жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысында «Достық алаңы» қоғамдық бірлестігі Орал қаласының оқушылары арасында «Жасыл мектеп» байқауын жариялады.

Үздік дизайн-жобалар үшін сыйлық ретінде жеңімпаз мектептердің аумағына отырғызылатын жас шыршалар табыс етілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері үш мектепте шеберлік сыныптарын өткізіп, оқушыларды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырды. Жоба әлі жалғасуда.

«Батыс Қазақстан экологиялық – географиялық қоғамы” Бәйтерек ауданының 18 мектебі арасында «Батыс Бердинг – 2022» жарысын өткізді. Ұйымның қызметінің арқасында қатысушылар жабайы табиғаттағы құстарды бақылау техникасын үйренді, құстарға арналған тағы қандай жасанды ұялар бар екенін, олардың жабайы табиғаттағы рөлін, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы құстардың әртүрлілігі туралы білді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, олар Орал қаласы мен БҚО облыс орталықтарында «Батыс Қазақстанның жабайы табиғаты» көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Жоба әлі жалғасуда.