Еріктілер Шығыс Қазақстан облысындағы емдік қасиеті бар көлдердің жағасын тазалауда

Еріктілер Шығыс Қазақстан облысындағы емдік қасиеті бар көлдердің жағасын тазалауда

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының бастамашыл тобы “AIDYN” жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі міндеті – минералды құрамы мен емдік балшығының сапасы әйгілі Өлі теңізден кем түспейтін Шошқалы көлі аймағында экологиялық маңызды іс -шаралар өткізу.
Сонымен, жоба аясында көлдің жағасына үш түрге бөлінген (органикалық, пластикалық және қағаз) 3 қоқыс контейнері орналастырылды.Сонымен қатар, Бесқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының қолдауымен бастамашыл топ пен еріктілер су қоймасының жағасында сенбілік ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен: қаптармен, қолғаптармен, маскалармен және сусындармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Шошқалы көлінің жағасындағы еріктілер мен демалушыларға қоқысты бөлек жинау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырушылар мен еріктілердің пікірінше, мұндай бастамалар тек елді мекендерде ғана емес, демалыс және емдеу орындарында да ұйымдастырылуы керек.
Шығыс Қазақстан облысының Шошқалы көлі ауданында экологиялық маңызды іс-шараларды өткізу жөніндегі жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы” ЗТБ ” Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” жобасының шағын гранттар конкурсы шеңберінде іске асырылады.