ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

 

«Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының батыс өңірлерінен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында «EcoBatys» конкурсының финалистерін іріктеуді аяқтады. Нәтижесінде конкурстың он бес жеңімпазы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін әрқайсысы төрт миллион теңге мөлшерінде гранттар алады.

«Шелл Қазақстан» компаниясының гранттық қаражатты бөлу мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегиясын, сондай-ақ табиғатқа қамқорлық жасау міндетін көздейтін «Шелл» концернінің «Дамуға арналған энергия» стратегиясын іргерілетудегі ұмтылысы.

Байқау ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Шелл Қазақстан» компаниясының операциялық қызметінің өңірлері болып табылатын: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында басталды.

Ұйымдастырушылар кәсіби экологиялық ҮЕҰ-дан, сондай-ақ басқа да қоғамдық қорлар мен еріктілер ұйымдарынан 32 өтінім алды. Жобалардың тақырыптары алуан түрлі болғанын атап өткен жөн, мысалы: экологиялық білім беру мен ағарту бастамалары, көгалдандыру, су ресурстарын тазарту, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу және тағы басқалар.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздардың алдағы жұмысына мониторинг жүргізіп, 2022 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беретін болады.

Жеңімпаздардың толық тізімімен төменде танысуға болады.

Өтініш беруші Аймақ Тақырыбы
1. «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі Маңғыстау

облысы

«Энергия үнемдеу-менің шешімім» – ресурстар мен энергияны пайдалану жобасы.
2. QazaqGeography » РҚБ / Нұр-сұлтан Маңғыстау

облысы

«Green Qazaq Geography»қоғамында экологиялық ойлауды қалыптастыруға жәрдемдесу
3. «Достық алаңы» балалар және жастар қоғамдық бірлестігі Батыс-Қазақстан

облысы

«ECOaimaq» экологиялық жобасы. Орал қаласындағы мектептер аумағын абаттандыру және көгалдандыру деңгейін арттыру
4. Батыс Қазақстан «Орыс мәдениеті орталығы»ҚБ Батыс-Қазақстан

облысы

ҚР 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің мемлекеттік Доктринасын насихаттау шеңберінде оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық сауаттылығын тәрбиелеу.
5. «ТАН» қолдау және Даму Қоры » қоры Атырау

облысы

EcoVision-Атырау облысында экологиялық проблемаларды шешуге тартылған ҮЕҰ, еріктілер мен жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
6. «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі Атырау

облысы

№ 7 Спикер » зияткерлік конференциясы-қоғамның түрлі салаларындағы көшбасшыларды анықтауға бағытталған жоба-алаңы
7. «ҰрпақNext» қоғамдық қоры Маңғыстау

облысы

«Жауапты тұтыну-әрбір азаматтың борышы». экологиялық білім беруге арналған бейне-роликтер
8. «Құрманғазы туған жер»ҚБ Атырау

облысы

Стратегияны әзірлеу, жылыжай құру және оны жабдықтау, мектеп оқушыларын жылыжай негізінде оқыту, мектеп оқушыларының экологиялық жобаларын қолдау
9. «Наш Урал

-Наш Урал  » экологиялық-туристік қозғалысы»ҚБ

Батыс –

Қазақстан

облысы

«Орал өңірі-таза жағалаулар мен прогресс үшін энергия»
10. «Алшы» әдеби-тарихи мәдени қоры Атырау облысы «Жасыл Атырау» – қала тұрғындарының өңірді көгалдандыруға деген жаппай қажеттілігін арттыру және жасыл желектерді өсіру үдерісіне оқыту.
11. «Батыс Қазақстан экологиялық-географиялық қоғамы»ҚБ Батыс –

Қазақстан

облысы

БҚО биоалуантүрлілігі және оның экожүйелер тұрақтылығындағы рөлі туралы экологиялық-ағартушылық іс – шаралар өткізу
12. «Каспий итбалығын оңалтуды зерттеу орталығы» қоры Маңғыстау

облысы

Маңғыстау облысының тұрғындарымен Каспий итбалығын сақтау жөнінде ағарту және хабардарлығын арттыру
13. ·       «АСЕР»ҚБ

·

 

Маңғыстау

облысы

«Экосознание» ағартушылық-практикалық жобасы (плоггинг)
14. ·       Хазірет Маңғыстау

·

 

Маңғыстау

облысы

Брифинг, Каспий жағалауын тазалау, ағаш отырғызу, сенбіліктер, ғылыми конференция, экослет
15. ·       «Volunteers» жастар қоғамдық бірлестігі

·

 

Батыс –

Қазақстан

облысы

«Табиғат достары» ЭКО-отряды