Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.

Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.

—— Азаматтық қоғамның экологиялық ұйымдарында жастардың көшбасшылығын дамытуға бағытталған the Joke Waller-Hunter (JWH) Initiatives конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды   The Joke Waller-Hunter (JWH) Initiatives дамушы елдердегі қоршаған ортаны қорғау секторында жастардың білімін, тәжірибесін және кәсіби даярлығын кеңейту мүмкіндіктерін ұсынумен айналысады. Бастама ұйым атынан болашақ...
15.06.2022
Адам құқықтары мен демократияның тақырыптық бағдарламасы Демократия мен Адам құқықтары туралы Еуропалық құжаттың (EIDHR) негізгі ерекшеліктеріне негізделген, оның мақсаты адам құқықтарын, бостандықтарын, демократия мен құқық үстемдігін көтермелеу және қорғау болып табылады. Осылайша, осы конкурс шеңберіндегі барлық ұсыныстар (1) негізгі бостандық шарттарына кепілдік беретін...
02.06.2022
Жалпы құны 150 000 АҚШ долларын құрайтын ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша грантқа конкурс жарияланды   Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің Қоғаммен Байланыс бөлімі FHI360 американдық коммерциялық емес ұйымымен серіктестікте орта мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру бойынша ашық...
25.05.2022
Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс бөлімдері Қоғамдық дипломатия саласындағы гранттар бағдарламасы аясында жыл сайынғы грантқа өтінімдер қабылдау туралы жариялады.   Байқаудың мақсаты: Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы мәдени, білім беру және кәсіби байланыстарды...
03.05.2022
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі Қазақстанның медиа нарығын дамытатын жобаларды іске асыру үшін гранттарға өтінімдер қабылдауды жариялайды. Жобалар журналистиканың кәсіби стандарттарын ілгерілетуге, дұрыс жаңалықтар жинау мен алмасуға инновациялық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ алқалы алмасуды дамытуға қолдау көрсетеді.   Байқаудың мақсаты: журналистердің кәсіби деңгейін...
Қазақстандық қоғамшылдардың Жапония Үкіметінің «KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» бағдарламасы аясында қолдау алу мүмкіндігі бар «KUSANONE (Корни травы/Шөп тамыры)» – бұл Жапония Үкіметінің адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шағын ауқымдағы әлеуметтік жобаларға өтеусіз көмек көрсету жөніндегі бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың қарапайым топтарына...
24.03.2022
Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Елшілігі Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының (CFLI) бағдарламасына қатысу үшін жыл сайынғы өтінімдер конкурсын жариялайды. Байқаудың мақсаты: CFLI бағдарламасы дамушы елдерде жүзеге асырылатын шағын, жоғары тиімді жобаларды қолдауға бағытталған. Ұсынылған жобалар келесі басым тақырыптарға сәйкес келуі...
АҚШ-тың Нұр-сұлтан қаласындағы Елшілігі және АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімдері (PAS) Елшіліктің жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.   10 000-нан 50 000 АҚШ долларына дейінгі гранттарға өтінімдерді мынадай...
17.03.2022
Сындарлы экожүйелер әріптестігі қоры (CEPF) «Орталық Азия тауларындағы Биоалуантүрліліктің ыстық нүктесі» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. Бұл бағдарлама Француз даму агенттігінің, Conservation International-дың, Еуропалық одақтың, Жаһандық экологиялық қордың, Жапония Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен бастамасы болып табылады...
04.11.2021
Нұр-Сұлтан, «18» қазан 2021 жыл   «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ГРАНТ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ   Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор   «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015...
18.10.2021