Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

2024 жылғы 14 наурызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 18 ҮЕҰ-дан 31 өтінім түсті, оның 19-ы мемлекеттік тілде және 12-і орыс тілінде.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;
5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;
6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;
7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
2 «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі
3 Уәкілетті лауазымды тұлғалардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы қысқа мерзімді «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
4 «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
5 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Азаматтарды қоғамдық бақылауға тарту қысқа мерзімді «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі
6 «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
7 Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы Заңды тұлғалар бірлестігі
8 «Орталық Азия Университеті»
9 Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу қысқа мерзімді «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
10 Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету қысқа мерзімді «Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры
11 «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
12 «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
13 Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу БАҚ, баспасөз қызметтері, блогерлер мен журналист студенттерге арналған Бейсен Құранбек мектебін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Ақ-Алау» қоғамдық бірлестігі
14 «Аяулы алақан» қоғамдық қоры
15 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Әкелік институтын нығайту және дамыту қысқа мерзімді «Жетісу облысының «Жер жаннаты – Жетісудың Ұланы» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» жастар қоғамдық бірлестігі
16 «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
17 «Аяулы алақан» қоғамдық қоры
18 «Педагогикалық шеберлік академиясы» қоғамдық бірлестігі
19 «Әкелер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысындағы филиалы
20 Қоршаған ортаны қорғау Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру қысқа мерзімді «Зеленая солидарность» қоғамдық бірлестігі
21 «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
22 «Аяулы алақан» қоғамдық қоры
23 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу Жетісу облысындағы мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі қысқа мерзімді «Адам құқықтары, заңдылықты сақтау және демократияға жәрдемдесу қоғамы» қоғамдық бірлестігі
24 «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі
25 «Венгрия университеттерінің студенттері, докторанттары мен түлектерінің Қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
26 «Жетісу облысының мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігі
27 «Basqary» қоғамдық қоры

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себебі
1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу қысқа мерзімді «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі Өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмейді
2 Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу БАҚ, баспасөз қызметтері, блогерлер мен журналист студенттерге арналған Бейсен Құранбек мектебін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі Өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмейді
3 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Әкелік институтын нығайту және дамыту краткосрочный «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі Өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмейді
4 «BIR TAMSHY» қоғамдық қоры Өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді