Barine Bilim жобасының жеңімпаз мұғалімдері анықталды

Barine Bilim жобасының жеңімпаз мұғалімдері анықталды

«Barine Bilim» шағын гранттар жобасы бойынша «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында конкурстық комиссия «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына өтініш берген 30 мұғалімді іріктеп алды. Енді олардың мектептерінде 1 миллион теңге мөлшерінде шағын гранттар жүзеге асырылады.

Жобаның негізі мақсаты – шағын гранттар жобасын іске асыру жолы арқылы оқушылардың жан-жақты дамуы және жаһандық азаматтықты дамыту, Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарына жағдай жасау арқылы «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерді қолдау және оларға көмек көрсету болып табылады.

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мажитовтың айтуынша, шалғай және ауылдық жерлердегі мектеп ұстаздарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Гранттық қаражатты бөлудің астарында тікелей ақшалай сыйақы емес, белгілі бір әлеуметтік жобаларды біріктіру мақсаты тұр. Яғни мұғалім өз мектебін қолдау үшін ұйымдастырушылармен бірге қандай да бір жобаға бастамашылық етеді. Бұл сыртқы немесе ішкі көгалдандыру, кітапханы қорын, мұғалімнің жұмыс орнын (кабинетін) жақсарту болуы мүмкін», – деді ол.

Жеңімпаздар тізіміне Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Ақтөбе облыстары ауыл мектептерінің мұғалімдері енді.

Жеңімпаздардың толық тізімін 1-қосымшада көруге болады

«Barine Bilim» шағын гранттар жобасы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының қолдауымен «National Teacher Prize Kazakhstan – «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы» қайырымдылық жобасын іске асыру аясында өтіп жатқанын еске саламыз. Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Natural Energy» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр.

 

1-қосымша

Өтініш берушінің аты-жөні Аймақ Мектеп
1. Татьяна Станкевич

 

Саркан

Алматы облысы

Сарқан ауданы білім бөлімінің «№1 орта мектеп-гимназия» КММ
2. Ирина Лаврешина Серебрянск

ШҚО

«Серебрянс қ. №2 Негізгі мектебі» КММ
3. Айгерім Искакова Қызылорда облысы, Жалағаш ауылы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей
4. Мақжан Болатбекұлы СҚО, Шақпақ ауылы КГУ «СОШ имени Гани Муратбаева»
5. Зарема Баймуратова Алматы облысы, Үмбетәлі Кәрібаев ауылы «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» КММ
6. Күләнда Батырбекова Алматы облысы, Жаңа Қуат ауылы ДАНА жеке мектебі
7. Әсем Құрмантаева Алматы облысы,Кеген ауылы «Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ
8. Қансұлу Қонысова Түркістан облысы, Дербісек ауылы №76 жалпы орта мектебі
9. Азамат Сатыбалдиев Түркістан облысы, Жусансай ауылы Жусансай ауылы ОБМ
10. Замира Аманова Алматы облысы,  Казцик ауылы №42 орта мектеп
11. Гүлзира Тауирова Маңғыстау облысы, Сай Өтес ауылы Өтес ауылының жалпы білім беретін мектебі
12. Асыл Қайырбекұлы Алматы облысы, Б.Сырттанов ауылы «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
13. Полина Ізбасарова Алматы облысы,  Алмалыбак ауылы «Алмалыбақ ауылының орта мектеп-гимназиясы» КММ
14. Нұрлан Сейіттов Павлодар облысы, Тереңкөл ауылы «А. Н. Елгина ат.№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
15. Сағадаева Жанна Атырау облысы, Құрманғазы ауылы «З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернат» КММ
16. Татьяна Круглова БҚО, Чапаев ауылы «Жайық негізгі орта мектебі» КММ
17. Шарван Бакилова Алматы облысы, Тауқаратұрық ауылы С. Аманжолов атындағы орта мектебі
18. Тарбия Әлібекова Ақмола облысы, Игілік ауылы «Т.Әубәкіров атындағы №43 ОБМ» КММ
19. Таңжарық Бегендікова Маңғыстау облысы, Қызылсай ауылы Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі
20. Эльмира Естібаева Алматы облысы, Қызылағаш ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
21. Серғазы Баярстанов Ақтөбе облысы, Дөң ауылы «Дөң ауылының мектеп-гимназиясы» КММ
22. Бибигүл Турлановна Ақтөбе облысы, Құмқұдық ауылы «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
23. Айман Махатова Қызылорда облысы, Әйтеке би ауылы С.Датұлы ат. №68 ОБМ
24. Динара Айтех Алматы облысы, Мәтібұлақ ауылы Мәтібұлақ орта мектебі
25. Гүлім Секлибаева Алматы облысы, Қойшыбек ауылы Қойшыбек орта мектебі
26. Сара Амирханова Атырау облысы Жұмекен ауылы «Енбекши ОБМ» КММ
27. Арайлым Тқкпаева ШҚО, Күршім № 3 Күршім гимназиясы
28. Торғын Әуренбаева Алматы облысы, Боралдай кенті «№40 орта мектеп» МКМ
29. Лидия Гура Қарағанды облысы, Қызыл  Нива ауылы «Краснонивск негізгі орта мектебі» КММ
30. Бақыт Сағымбекова Алматы облысы, Көкжайдақ ауылы Абай атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталық