Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлеріне тиімді «тайм-менеджмент» тренингі өткізілді

Бүгін, 4 маусымда Cisc-Coworking базасында «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қызметкерлері үшін «Тайм-менеджмент» тренингін өткізді. Бұл қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы аясындағы алғашқы тренинг.
Тренинг барысында Т. Миронюк жұмыс процесі мен күнтәртібін барынша тиімді ұйымдастыру бойынша уақытты жоспарлау құпияларымен бөлісті. Ол үлкен мақсатты кішігірім қосалқы мақсаттарға қалай бөлуге болатындығы, белгілі бір мәселені уақыттың, моральдық және физикалық күштердің аз шығынымен қалай шешуге болатындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сондай-ақ, спикер өзінің жұмыс тәжірибесіндегі қызықты оқиғалар туралы және тайм-менеджментті өз өмірінде қалай қолданатыны туралы тәжірибесімен бөлісті.
Орталық қызметкерлері жұмыс процесін ұйымдастырудың жаңа әдістемелерімен танысып, жоспарлау дағдыларын жақсартты.