«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ   КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ

  КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192  қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

 

  1. Конкурс жөнінде

 

Орталық «Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы» ММ- нің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қостанай облысында азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкі  қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай 2 тақырып бойынша жарияланады:

Грант тақырыптары Жобаның мақсаты Міндеттері

(жобаның негізгі бағыттары)

Іске асыру мерзімі Аумақтық қамтылуы Бөлінген қаражат көлемі (мың теңге) Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже
1. Облыстың ауылдық үкіметтік емес ұйымдарын қолдауға бағытталған жобаны жүзеге асыру Әлеуметтік саладағы жұмыс дағдыларын арттыру, азаматтық бастамаларды дамыту арқылы ауылдық ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз ету.

 

 Жоба аясында шағын гранттар тақырыбын қалыптастыру мақсатында ауылдық жерлерді дамытудың өзекті бағыттарын айқындау бойынша ауылдық ҮЕҰ, бастамашыл топ өкілдері, өңір тұрғындары мен Қостанай облысының сарапшылық қоғамдастығының аудандар бөлінісінде қажеттіліктеріне бағалау жүргізуді жоспарлау.

Осы бағыттар негізінде ауылдық ҮЕҰ үшін әлеуметтік идеялар мен жобалар конкурсын ұйымдастыру және конкурс ережелері әзірлеу. Конкурс жеңімпаздарына гранттар беру (500 мың теңгеден кемінде 10 шағын грант), жеңімпаздардың әлеуметтік жобаларын таныстыру.

Ауылдық ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қолдау үшін конкурсқа кемінде 3 бизнес-қоғамдастықты тарту.

SMM ілгерілету арқылы шағын гранттар жеңімпаздарының әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруды танымал ету және ақпараттық қолдау (танымал және беделді блогерлерді, ҮЕҰ тарту, ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде орналастыру үшін жарияланым дайындау, инфографика, ролик әзірлеу).

Шағын гранттарды іске асыру мониторингін ұйымдастыру және көпшілікті гранттық жобаларды жүзеге асыру қнәтижелерімен таныстыру.

Ауылдық ҮЕҰ және бастамашыл топтар үшін олардың әлеуетін арттыру мен ҮЕҰ құру, ҮЕҰ дағдылары бойынша үшін кемінде 10 оқыту семинарын өткізу.

Үкіметтік емес ұйымдар, бастамашыл топтар мен азаматтарға арнап консультациялар ұйымдастыру және оларды тіркеп отыру.

2022 жылғы маусым-қараша Қостанай облысы 8 500,0 Ауылдық ҮЕҰ-ның кемінде 30 өкілі мен кем дегенде 20 бастамашыл топтың әлеуетін арттыру, ауылдық жерлерде тұрақты, бәсекеге қабілетті ҮЕҰ-ны дамыту, ауылдық ҮЕҰ-ның кемінде 10 шағын грантын жүзеге асыру. Ауылдық ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қолдауға кемінде 3 бизнес қоғамдастықты тарту, ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
2. Қостанай облысы этностарының жалпыазаматтық бірегейлігін қалыптастыру Тұрғындардың проблемаларын анықтау және тұрғындарға тұрғылықты жерлерінде консультативтік көмек көрсету;

Түрлі этнос өкілдері мен тұрғындар арасында болатын этносаралық негіздегі қақтығыстардың алдын алу.

           Жоба аясында облыс тұрғындары үшін ұлттық, этникалық және тілдік белгілері бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылу деректерін хабарлау мақсатында сенім телефонын қосу.

Этносаралық жанжалдардың алдын алу жөніндегі жеке бағдарламаны әзірлей отырып, облыс аудандарына (этноәлеуметтік шиеленіс дәрежесі жоғары) кемінде 10 іс-сапар  ұйымдастыру.

«Қазақстандық этникалық топтардың   алуантүрлілігін рухани-мәдени жағынан танымал ету» жобасы аясында этностар мәдениетінің кемінде 10 күндігін өткізу.

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттай отырып, облыс тұрғындары арасында түрлі этностардың ұлттық киім эскиздерінің байқауын ұйымдастыру (байқау Ережесі мен сыйлықтар Тапсырыс берушінің келісімімен).

Байқау қорытындысы  бойынша қатысушылардың эскиздерімен костюм тігуді ұйымдастыру (байқау Ережесінде көрсетілген әр этностың кемінде 1 ер және әйел костюмі).

Дайын костюмдер бойынша этносән  көрсетілімін өткізіп, артынан оларды Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органға тапсыру.

2022 жылғы маусым-қараша Қостанай облысы 5 000,0       Бірыңғай сенім телефонын қосу және        облыстың қала мен аудандарында сенім телефонының бар екендігі туралы БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарлау, буклеттер тарату, ақпараттық плакаттар орналастыру (мазмұны және эскизі Тапсырыс берушінің келісімі бойынша).

 

Өңір тұрғындарымен жеке қабылдау және кездесулер өткізудің көмегімен аудандардағы этноәлеуметтік шиеленісті төмендету.

 

Этностардың рухани мұрасы, тарихи және мәдени құндылықтарын дамытуға облыс тұрғындарын кеңінен тарту.

ЖИЫНЫНДА         13 500

 

 

Оператор мынадай жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды:

1) Қағида талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталғанда;

2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмегенде;

3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмағанда;

4) грант тақырыбының өтінім берушінің Жарғысындағы қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмегенде.

 

Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;

егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

 

  1. Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.

Өтінімдерді қағаз нұсқада немесе электронды тасымалдағышта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат немесе grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2022 ЖЫЛҒЫ «18» СӘУІРДЕН БАСТАП «18» МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

 

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.30-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 

  1. Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімді келесі тәсілдердің біреуімен енгізеді:

қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, тігілген және мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу;

электрондық тасымалдағышта PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп жіберу;

электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштаға таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп, мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы хабарландырудың 5-қосымшасына cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) осы хабарландырудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) осы хабарландырудың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) осы хабарландырудың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны (осы қосымшаны толтыру кезінде жобаның мақсаттары, күтілетін нәтижелер, іске асыру мерзімі және жобаның аумақтық қамтылуы Грант жоспарына қатаң сәйкес келуі керек);

5) грантты іске асыруға, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы хабарландырудың 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама сомасына белгіленген 10 (он) пайыздан аспайтын шеңберде). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі;

6) құрылтай құжаттарының көшірмелері (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, оған барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі не өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат);

7) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);

8) көрсетілген әріптестердің және (немесе) тартылатын мамандардың ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуға келісімі (гранттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып, шығыс нөмірі және өзекті күні бар, серіктестің фирмалық бланкісінде бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған, ал тартылатын мамандардан, өз қолымен толтырылған хат түрінде);

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (өтініш беруші ұйымының фирмалық бланкісінде шығыс нөмірі және бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған өзекті күні жазылған хаты түрінде. Салымның басқа көздерден болуын растайтын құжат болып қаржыландыруды ұсынатын заңды тұлғаның шығыс нөмірі бар ұйымның фирмалық бланкісінде жасалған және бірінші басшы (не оның орынбасары) қол қойған хаты болуы мүмкін, жобаға қолдау көрсететін жеке тұлғадан – өз қолымен толтырылған құжат).

Өтінім беруші құжаттардың түгел болуын және құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет.

Бір тақырып бойынша бір ҮЕҰ-нан 1 (бірден) өтінімнен артық беруге жол берілмейді.

Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні Гранттар жоспарымен бекітілгенін ескеру қажет.

 

  1. Қосымша ақпарат және кеңестер

Сараптама комиссиясының жұмысы мен іріктеу процесі туралы толығырақ «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығынан таныса аласыздар.

Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар:

 

Ұйымдастырушы Телефондар
Жобаларды басқару департаменті (7172) 79-08-04, (7172) 79-08-03, (7172) 79-08-24, (775) 511-07-41

 

 

  1. Бекітілген ҮЕҰ арналған мемлекеттік Гранттар жоспары.

Конкурс «Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы» ММ- нің басшысының 2022 жылғы 08 сәуірдегі №54 о/д бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2022 жылға арналған жоспары» аясында өтеді.

Гранттар жоспары Қостанай облысының өңірлік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың көшірмесі және оның қосымшалары Қостанай облысының ресми сайтында орналастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/documents/3?lang=ru