Азаматтық форум аясында «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы қоғамдық ұйымдардың қызметі» секциясы өтті

Ағымдағы жылғы 23 қарашада IX Азаматтық форум аясында «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы қоғамдық ұйымдардың қызметі» тақырыбына онлайн форматта секция өтті.
Секцияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдардың қатысу перспективалары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Нұрлан Күнтуов, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Жанар Буканова, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қ. Дүсүпбаева, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы А. Жұманбаева және т.б. атқарылған жұмыс жөнінде баяндады.
Ұсынылған шаралардың аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшірудің жол картасын әзірлеу, IX Азаматтық форумның ұсынымдарын одан әрі сапалы іске асыру, ресурстық орталықтардың, оның ішінде ауылдық жердегі азаматтық орталықтардың тиімді жұмысын ұйымдастыру, Форум аясында орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен салалық кездесулерін сапалы әзірлеу мәселелерін қарастыру және т.б. ұсынылды.
Сонымен қатар, отырыс барысында Ақмола облысы Целиноград ауданының «Береке» қоғамдық ұйымы мүшесі Өмірзақова Балым сөз сөйлеп, дәстүр мен ғұрыпты сақтаудағы ұлттық қолөнерді жаңғырту саласындағы тәжірибесімен бөлісті.