Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметі іске қосылды

Қазақстанның ауыл тұрғындары үшін «Кеңес» онлайн түрде заңи кеңес беру қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Кеңес» консультациялық қызметі аясында ауыл тұрғындары өздерінің құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық, азаматтық және саяси-мәдени бостандықтары туралы кеңестер мен түсініктемелер ала алады.

Кеңес беру қызметі өзінің бизнес-жобасын жүзеге асырғысы келетін ауыл тұрғындарына қажетті ақпаратты ұсынады, жеңілдіктерді пайдалану және т. б. өтініш/сұрақты кез келген ыңғайлы тәсілмен жіберуге болады: онлайн кеңесші – http://trinta.kz/kenes, whatsapp, дауыстық пошта +7-707-650-43-80, e-mail: trinta-kz@mail.ru.

Жоба аясында кем дегенде 1000 кеңес беру және «Кеңес»мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, мақсатты аудиториямен өзара іс-қимыл тәжірибесін дамытып, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша халықпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын жетілдіретін және жоба аяқталғаннан кейін тұрғындарды қамтуды кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыратын өңірлік консультанттар желісі құрылатын болады.

Жобада аналитикалық және ақпараттық-әдістемелік блоктар қарастырылған: азаматтардың өтініштеріне  кешенді талдау жүргізіледі, ауыл тұрғындарына жедел- сауалнама жүргізуді іске қосу, көшбасшылардың пікірі және функцияларына құқықтық ақпарат пен консультация беру кіретін ұйымдардың өкілдерімен сұхбат, ауылдық деңгейдегі 14 диалог алаңы. Іс-шаралар қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырудың экожүйесі сипатталады, онда барлық субъектілер, олардың қызметтері, инфрақұрылымы, өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты барлық кедергілер нақты көрсетілетін болады. Барлық ұсынымдар құзыретті органдар мен министрліктерге жіберілетін болады.

Консультациялық қызметтің жұмысын және іс-шараларды ұйымдастыруды «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы шеңберінде «ТРИНТА»қорының командасы қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Жадыра Анкобаеваға хабарласуға болады. +7-777-765-47-74, 8-7232-52-53-94, trinta-kz@mail.ru.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.