АҚШ Елшілігі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің қоғаммен байланыс бөлімі (PAS) гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған жобаларды қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды.
Байқаудың мақсаты-гендерлік зорлық-зомбылық туралы қоғам сауатын арттыру және оны азайту, сондай-ақ американдық тәжірибе есебінен құқық қорғаушылардың біліктілігін арттыру.
Өтінімдер қазақстандық және американдық ұйымдардан, оның ішінде коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардан, мемлекеттік және жеке мәдениет мекемелерінен, мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерінен, талдау орталықтарынан, одақтар мен кәсіби қауымдастықтардан қабылданады.

Өтініш беру мерзімі: 22 шілде 2021 жыл.
Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.grants.gov/web/grants/search-grants.html?keywords=DOS-KAZ-NS-PAS-21-009